A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 12:30 0

ШҚО-да «Samruk-Kazyna Trust» қоры жаңа жобаларды жүзеге асыруда

Бүгін / ШҚО

«Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қоры өңірде 4 әлеуметтік жобаны іске асыруды бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Көктемде «Samruk Umiti» жобасы іске қосылып, Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйінің 50 тәрбиеленушісіне жұмысшы мамандықтарын таңдауға, колледждерге түсуге, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына жұмысқа орналасуға көмек көрсетілуде. 

Бүгінде 9-сыныпты аяқтаған 11 бала жұмысшы және өзге де мамандықтар бойынша жергілікті колледждерге баруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, жобаның алғашқы нәтижелері жуырда вице-премьер Ермек Көшербаевтың төрағалығымен өткен Республикалық жастар форумында таныстырылды.

Ұлан ауданында түрлі диагнозы бар, соның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиялары бар 70 балаға арналған аралас үлгідегі «Ainala» оңалту орталығы ашылады. 

Қазір Өскеменде оңалту орталығы, ерте араласу орталығы және аутизмі бар балаларға арналған үш  бірдей «Қамқорлық» орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтарда жыл сайын шамамен 1000 бала кешенді көмек алады.

Ал 10 қыркүйектен 25 қыркүйекке дейін өңірде «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жұмыс істейді. Дәрігерлер, медиатор мен заңгер Предгорное, Тишинская, Черемшанка, Таусамалы, Күмістау, Бұқтырма, Заводинка, Тұрғысын ауылдарының тұрғындарына тегін медициналық және құқықтық қызмет көрсетеді.

Спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2024 жылдың шілдесінде Катонқарағай және Зайсан аудандарында 2 заманауи спорт алаңы ашылды. Сонымен қатар «Саламатты болашақ» жобасы аясында Өскеменде ерекше балаларға арналған жүзу және бочча секциялары тегін жұмыс істейді.

Айта кетейік, соңғы 5 жылдың ішінде облыста «Samruk-Kazyna Trust» қоры жалпы 1,2 млрд теңгеге 18 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив