Бүгін облыс әкімдігінің отырысында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов кәсіби мерекеге орай көлік-логистика саласының өкілдеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ҚР Президентінің Жарлығымен көлік саласындағы адал еңбегі үшін «Құрмет» орденімен ШҚО Автомобиль жолдарын пайдалану басқармасының басшысы, «КАЖсервис» ЖШС өкілі Болат Жұртбаев және «Қазақстан Темір жолы» АҚ «Защита байланыс сигнализациясы дистанциясы» техникалық құжаттама тобының инженері Василий Колесников марапатталды.
ҚР Президенті Әкімшілігінің Алғыс хаты ШҚО Авиация басқармасының бастығы Қалиқан Байғонұсовқа табысталды.
Пікірлер