A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:10 0

ШҚО-да балабақшаларда 1257 орын ашылады

Бүгін / ШҚО

Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен өткен облыс әкімдігінің отырысында 2025-2026 оқу жылына дайындыққа қатысты мәселелер талқыланды. ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Жанғазы Әліпбаев салаға қатысты бірқатар ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, қазір облыста 522 білім беру мекемесі бар. Оның ішінде 86 балабақша, 347 мектеп, 29 арнайы мекеме, 23 колледж, 37 қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді. Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, жыл басынан бері балабақшаларда 242 жаңа орын ашылды.

- Жыл соңына дейін тағы 1257 орын ашу жоспарланған. Атап айтқанда, Өскеменде 378 орындық 4 жекеменшік балабақша ашу және 200 орындық балабақша ғимаратын мақсатты пайдалануға қайтару, Күршім ауданында 120 орындық балабақша ғимаратын сенімді басқаруға беру, 4 жұмыс істеп тұрған балабақшаны кеңейту жүзеге асырылады, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айынан бастап облыс орталығындағы балабақшалар ваучерлік қаржыландыру жүйесіне көшкен еді. Енді бұл жүйеге аудандарды қосу қараша айына жоспарланып отыр.

Қазір жаңа оқу жылына топтарды жасақтау басталды. «Balabaqsha SmartNation» ақпараттық жүйесінде 7615 бос орын жарияланды, оның 4813-і Өскеменге тиесілі.

 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив