A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 14:30 0

ШҚО-да мектептер жөндеуден өтуде

Бүгін / ШҚО

Білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 3 000 орынға арналған 7 мектептің құрылысы жоспарланған еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгінде 6 білім ордасы салынып, лицензиясы алынды. Бір мектептің әлі құрылысы аяқталған жоқ.

ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Жанғазы Әліпбаевтің сөзінше, реновациялау жобасы бойынша 5 мектептің жөндеу жұмыстарына 1000,7 млн теңге бөлінді.

- Жыл басынан бері 36 білім беру ұйымында жөндеу жұмыстарын жүргізуге 724,048 млн теңге бөлінді. Қазір 27 нысан 100% дайын, қалған 9-ында жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Облыстық мәслихат сессиясының шешіміне сәйкес тағы 959,4 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат 52 білім беру нысанынды ағымдағы жөндеуден өткізуге бағытталады. Жалпы биыл 2 684,2 млн теңгеге 92 мекемеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Шағын қалалар, аудан орталықтары және ауылдардағы 50 мектепті жаңғырту жоспарланған, - деді ол.

Бұдан өзге, облыста отынмен жылытылатын 513 білім беру ұйымы жұмыс істейді.

- Жылыту маусымына дайындық аясында 27 643 тонна көмір жеткізу жоспарланған. Жеткізушілермен келісімшарттар жасалып, 20 310 тонна көмір әкелінді, - дейді Жанғазы Әліпбаев.

Айта кетейік, биыл жалпы білім ордаларының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 488,2 млн теңгеге 40 пәндік кабинет сатып алынуда. Қазіргі уақытта 373,7 млн теңгеге 34 кабинет жеткізілді. Қалған 9-ы 30 тамызға дейін жеткізіледі деп күтілуде.

 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив