A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 15:20 0

ШҚО-да мектеп автобустары жаңартылады

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы облыс әкімдігінің отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Білім беру басқармасының мәліметінше, өңірдегі 103 мектеп 4500 оқушыны 127 автобуспен тасымалдайды.

- Бүгінде балаларды мектепке жеткізуді қамтамасыз ететін автобус паркі техникалық тұрғыдан ескірген. Оқушыларды облыс бойынша үздіксіз және қауіпсіз тасымалдау мақсатында 55 мектеп автобусын жаңарту қажет. Осыған байланысты жергілікті бюджет есебінен автобус паркін жаңарту мәселесін қарастыруды сұраймыз. Лизингтен және өнеркәсіпті дамыту қоры есебінен автобустар сатып алу жоспарлануда, - деді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Жанғазы Әліпбаев. 

Сондай-ақ биыл әлеуметтік осал санаттағы 20 518 оқушыны мектеп формасы және аяқ киіммен қамтамасыз етуге 7,2 млрд теңгені бағытталды. Ал 48 982 балаға ыстық тамақ беру үшін 6,1 млрд теңге бөлінді. Оқулықтарды сатып алуға және жеткізуге 468 млн теңге бағытталды.

Айта кетейік, аймақтағы барлық білім беру ұйымы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. 141 мектепте турникет, 98 мектепке дейінгі ұйымдарда домофон, 387 мекемеде дабыл түймесі орнатылды. 364 нысан Жедел басқару орталығына қосылған, ал 211 ұйым мамандандырылған күзет құрылымдарымен келісімшартқа отырды.

 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив