A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 15:45 0

ШҚО колледждерінде жаңа мамандықтар ашылады

Бүгін / ШҚО

Қазір өңірдегі 38 колледжде 101 мамандық бойынша 19 мыңнан астам студент білім алуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Білім беру мекемелері 900-ден астам кәсіпорынмен тығыз байланыста.

- Жұмысшы мамандықтар жылы аясында колледждерде пилотсыз авиациялық жүйелер, әуе тасымалдарын ұйымдастыру, логистика, су көлігін пайдалану сынды жаңа мамандықтар ашылмақ. Ол үшін 290 мемлекеттік тапсырыс орны бөлінді, - дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Жанғазы Әліпбаев.

Сондай-ақ қазір 8 колледж жөндеуден өтуде, тағы 8-іне қажетті құрал-жабдықтар алу үшін 384 млн теңге бағытталды.

Ал жаңа оқу жылында студенттерді тегін оқыту үшін 7 130 орынға мемлекеттік тапсырыс бөлінді. Тағы 980 орын жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кадрларды нысаналы даярлауға бағытталмақ.

 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив