A+ A A-

talgatzhan 31 21-08-2025, 12:30 0

Өскеменде өткен конференцияда білім саласының басты бағыттары белгіленді

Бүгін / ШҚО

Өскемен қаласында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты облыстық тамыз конференциясы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Конференцияға ШҚО әкімі, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, әлеуметтік серіктестер, жоғары оқу орындарының ректорлары, педагогикалық еңбек ардагерлері, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, ата-аналар қатысты. 

- Бұл шара – жаңа оқу жылын бастауға арналған маңызды жиын. Конференция барысында білім саласындағы өзекті тақырыптар талқыланып, педагогтар тәжірибе алмасып, сонымен қатар үздік идеялар мен жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу мәселелері қарастырылды, - деді ШҚО Білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов.  

Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы ОММГИ мұғалімі, ҚР Еңбек сіңірген ұстазы Раушан Байсаринова конференцияның ұстаздар үшін ерекше маңызын атап өтті. 

- Жуықта Президент қолынан алған марапатым мен үшін үлкен құрмет әрі жауапкершілік. Мұндай басқосуларда ұстаздардың тәжірибе алмасуы, жаңа мақсаттарды айқындауы өте құнды. Негізгі міндетіміз – адал әрі жауапты азамат тәрбиелеу, кәсіби мамандар даярлау, - деді ол.

Ал 40 жылдық еңбек өтілі бар Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Гүлжайна Имашпаева шараның жоғары деңгейде өткенін жеткізді: 

- Ұстаздық жолда түрлі марапаттарға ие болдым. Дегенмен бүгінгі конференцияның орны бөлек. Педагогтар тәжірибесімен бөлісіп, білім беру саласын дамытудағы жаңа бағыттарды талқыладық, - деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив