«AMANAT» партиясының «Ауыл Аманаты» жобасы аясында Шемонаиха қаласындағы «Антарес» қонақүйін жабдықтауға 8,4 млн теңге қолдау берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қонақүйдің жалпы аумағы – 780 шаршы метр, 18 нөмірге, 48 төсек-орынға есептелген. Сондай-ақ 50 автокөлікке арналған тұрақ пен жылы гараждар бар. Қазіргі таңда 6 нөмір пайдалануға беріліп, әрлеу жұмыстары жалғасуда. Қажетті жабдықтар сатып алынуда, мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы жағдай жасалған. Алдағы уақытта қонақүйде SPA-салон, бассейні бар монша, кәдесый дүкені ашылып, қаланың көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастыру жоспарлануда. - «Ауыл Аманаты» бағдарламасы арқылы өз ісімді дамытуға үлкен мүмкіндік алдым. Біз тек қонақүйді жайлы етуге ғана емес, Шемонаиханың туристік тартымдылығын арттыруға да үлес қосуды көздеп отырмыз. Алдағы жоспарымыз – қала тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет көрсетіп, өңірдің туристік әлеуетін дамыту, - дейді «Ауыл Аманаты» жобасының қатысушысы Марина Блок.
Пікірлер