10-25 қыркүйек аралығында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы шалғай ауыл тұрғындарына тегін көмек көрсетеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Дәрігерлер, заңгерлер мен медиаторлар Предгорное, Черемшанка, Заводинка, Тұрғысын ауылдары мен Тишинская, Черемшанка, Таусамалы, Құмыстау, Бұқтырма стансаларының тұрғындарына медициналық және заңгерлік қызмет көрсетеді.
Акцияның ұйымдастырушысы – «Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қоры.
Пікірлер