Бүгін Өскемен – Риддер бағытындағы республикалық маңызы бар тасжолдың 33-шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Suzuki және ВАЗ маркалы жеңіл автокөліктері соқтығысқан.
– Жол-көлік оқиғасының салдарынан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі ауыр дене жарақаттарын алып, оқиға орнында көз жұмды, – делінген берген ресми ақпаратта.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Пікірлер