Жеті айдың ішінде жүргізілген профилактикалық медициналық тексерулер барысында әртүрлі дертке шалдыққан 5509 бала анықталды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 6847-ге жеткен еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мектеп оқушыларында асқазан-ішек жолдары мен тыныс алу мүшелерінің аурулары жиі кездеседі. Сондай-ақ көру қабілетінің нашарлауы да бар.
Дегенмен биыл бірқатар ауру түрі азайды. Атап айтқанда, ас қорыту жүйесінің аурулары – 2 487, тыныс алу жүйесінің аурулары – 1174, бронх демікпесі – 53, көз аурулары – 423.
Керісінше келесідей диагноздардың саны артты: қан және қан жасау мүшелерінің аурулары – 275, жүйке жүйесінің аурулары – 173, жүрек-қан тамырлары аурулары — 85, тері аурулары – 80, тірек-қимыл аппараты — 152, несеп-жыныс жүйесі — 150, құлақ аурулары — 52.
Айта кетейік, мектеп оқушыларының арасында семіздікке шалдыққандар саны 76-ға жетті. Былтыр дәл осындай 37 жағдай тіркелген еді.
Пікірлер