Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық филиалында жазушы, сыншы, драматург Қалихан Ысқақтың 90 жылдық мерейтойына арналған облыстық әңгіме байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Байқау жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және еңбектің қадірін ұлықтауға бағытталған болатын.
Байқау нәтижелері келесідей:
1 орын - Серік Сержанов – «Тылсым түс» (І орын, 200 000 тг);
2 орын - Камшат Нұғыманова – «Темір мінезді тракторшы қыз» (ІІ орын, 150 000 тг);
3 орын - Меруерт Жандырбекова – «Тамырын ұмытпаған тамшы» (ІІІ орын, 100 000 тг);
Арнайы жүлде: Серікболқызы Әсемгүл – «Желқайық» (100 000 тг).
- Қалихан Ысқақ сынды ұлттың ұлы тұлғаларының шығармашылығын дәріптеу – жас буын үшін үлкен өнеге. Әңгіме байқауы арқылы біз жастарды тек әдебиетке ғана емес, туған елін сүюге, еңбектің қадірін білуге тәрбиелейміз. Қатысушылардың әр шығармасынан ізденіс пен жауапкершілікті байқадық. Бұл – біздің болашағымыздың жарқын екенін көрсетеді – деді «AMANAT» партиясы ШҚО филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Аманбай Нұркенов.
Пікірлер