A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 09:45 0

ШҚО-да патрульдеу күшейтілді

Бүгін / ШҚО

26-28 тамыз аралығында облыс аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқықбұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыруға бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Полиция қызметкерлері көшелерде, әкімшілік аумақтарда және саяжай алаптарында патрульдеуді күшейтеді. Шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын сақтауына ерекше көңіл бөлініп, тыйым салынған заттарды сақтау және тасымалдау фактілерін анықтау жұмыстары жүргізіледі.

Учаскелік инспекторлар профилактикалық есепте тұрған адамдармен мекенжай бойынша жеке жұмыс жүргізіп, әкімшілік аумақтарында тексерулер өткізуде.

ШҚО Полиция департаменті тұрғындар мен қонақтарды азаматтық жауапкершілік танытып, құқық бұзушылықтарды анықтаған жағдайда бірден «102» нөміріне хабарлауға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив