ШҚО әкімі баспасөз қызметінің ақпаратынша, биыл жаңа оқу жылы 2 қыркүйекте басталады, себебі 1 қыркүйек демалыс күніне сәйкес келіп тұр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл облыста 9729 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды.
Сондай-ақ Өскемендегі №31, №40, №41 мектептері («Келешек мектептері» жобасы аясында), Глубокое ауданындағы №2 Белоусовка жалпы орта білім беру мектебі және Опытное поле орта мектебі, Зайсан қаласында Сауыр жалпы орта білім беру мектебі (Білім инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен) ашылады.
Өңірдегі барлық 319 мектептің асханасы жөнделді. Қала және аудандарда тамақ сапасын бақылайтын арнайы топтар жұмыс істейді.
Пікірлер