A+ A A-

talgatzhan 29 26-08-2025, 16:05 0

ШҚО-да күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Бүгін / ШҚО

1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін өңірде әскерге шақыру науқаны өтеді. Бұл туралы ШҚО Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Жәнібек Сапаров Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға сәйкес, 18-27 жас аралығындағы әскерге шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылады. Қызмет ету мерзімі – 12 ай.
Биыл облыс бойынша шамамен 800 жас азамат әскер қатарына алынады. Науқан аясында 10 әскерге шақыру және медициналық комиссия жұмыс істейді. Облыстан шақырылған сарбаздар елдің түрлі өңірлерінде әскери борышын өтейді.
Әскерге шақыру процесі біртіндеп цифрлық форматқа көшірілуде. Азаматтарға шақыру пунктеріне келу туралы ескертулер SMS-хабарламалар арқылы және eGov порталының жеке кабинеті арқылы жіберіледі. Медициналық комиссиядан әдейі жалтарған немесе шақыруға келмеген азаматтарға қатысты айыппұлдан бастап бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына дейін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Қорғаныс министрлігі әскери қызметтің тартымдылығын арттыру бағытында түрлі қолдау шараларын жүзеге асыруда. Мысалы, әскерге шақырылған азаматтарға қызмет уақытына «несие демалысы» беріледі және «Сарбаз 2.0» жобасына қатысу мүмкіндігі ұсынылады. Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі мен 80-нен астам жоғары оқу орны арасында жасалған келісімдер аясында мерзімді әскери қызметін жауапкершілікпен атқарған жастар қосымша емтихансыз және тегін оқуға қабылдана алады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив