A+ A A-

talgatzhan 0 26-08-2025, 17:00 0

Өскеменде Конституцияның 30 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Бүгін / ШҚО

30 тамыз — Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толатын тарихи күн. Осы мерекеге орай Өскеменде облыстық прокуратура мен соттың ұйымдастыруымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.


Жиынға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ғалымдар мен қоғамдық ұйым мүшелері қатысты. Олар Конституцияның құндылықтары мен құқықтық мәдениеттің дамуына қатысты өзекті тақырыптарды талқылап, баяндамалар жасады.

Облыстық соттың төрағасы Манат Көміршинов өз сөзінде ҚР Президентінің бастамасымен қабылданған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің еліміздің құқықтық жүйесін нығайтудағы маңызына тоқталды. Оның айтуынша, соңғы үш жылда еңбек құқығына қатысты азаматтық істер бойынша талаптардың 60 пайызы қанағаттандырылған. Ал әкімшілік істерде азаматтардың пайдасына шыққан шешімдердің үлесі 65 пайызды құрайды.

— Бұл жай ғана статистика емес, сот билігінің Конституцияда бекітілген құқықтарды нақты әрі тиімді қорғап отырғанының айғағы, — деді ол.

ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев өз сөзінде Конституция — қоғам тұрақтылығының негізі екенін атап өтті. Ол тарихқа тоқталып, XVII ғасырда Тәуке хан тұсында қабылданған “Жеті жарғы” да әділдік пен заң үстемдігінің айқын үлгісі болғанын еске салды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив