ШҚО Полиция департаменті күнделікті оқушыларды тасымалдайтын мектеп автобустарының техникалық жай-күйіне кешенді тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тәртіп сақшылары қауіпсіздік белдіктерінің бар-жоғына, есіктер мен терезелердің дұрыстығына, «жолаушы–жүргізуші» байланыс құрылғыларының жарамдылығына, алғашқы медициналық көмек қобдишалары мен өрт сөндіргіштердің толық болуына баса назар аударды.
Өңірде барлығы 127 мектеп автобусы тексерілді. Күн сайын 4 500-ден астам оқушы білім ордаларына жеткізіледі.
Пікірлер