A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 15:15 0

ШҚО күнбағыс майын өндіруден алдыңғы қатарда тұр

Бүгін / ШҚО

Қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 521,3 мың тонна өсімдік майы өндірілді. Атап айтқанда, тазартылмаған майдың көлемі 22,7%-ға, тазартылған майдың көлемі 18,9%-ға өсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңірлер бойынша ең көп тазартылмаған май Шығыс Қазақстан (165,3 мың тонна), Абай (87,5 мың тонна) және Ақмола (47,6 мың тонна) облыстарында өндірілді. Ал тазартылмаған май шығару бойынша Шымкент (40,7 мың тонна), Шығыс Қазақстан облысы (36,5 мың тонна) және Алматы (12,8 мың тонна) көш бастады.

Шілде айының қорытындысы бойынша Қазақстанда өсімдік майының бағасы айына 2,8%-ға, жылына 31,2%-ға артты. Атап айтқанда, күнбағыс майы бір айда 2,8%-ға, бір жылда 31,7%-ға қымбаттаса, зәйтүн майы бір айда 0,2%-ға арзандады.

Елдегі базарлар мен дүкендерде шілде айында күнбағыс майының бір литрі орта есеппен 828 теңгеден сатылуда. Ең жоғары баға Жезқазғанда (928 теңге), Ақтауда (896 теңге) және Астанада (892 теңге) тіркелді. Бір литр майдың ең төмен құны Түркістан (745 теңге), Қызылорда (755 теңге) және Шымкентте (773 теңге) байқалады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив