A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 17:30 0

ШҚО-да азаматтық форум өтті

Бүгін / ШҚО

27 тамызда Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да ҚР Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында «Өңір дауысы: Қоғамдық кеңестер – өзгерістердің қозғаушы күші» атты Азаматтық форумы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биылғы форумның басты тақырыбы – қоғамдық кеңестердің өңірлік саясат пен реформаларды жүзеге асырудағы рөлі, қоғамдық бақылауды күшейту, азаматтарды шешім қабылдау үдерісіне тарту және кері байланыстың тетіктерін дамыту.
Шара барысында қатысушылар қоғамдық кеңестерді әділеттілік, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарына негізделген өзгерістердің басты қозғаушысы ретінде институционалдық тұрғыда дамыту жолдарын талқылады. Бұл ретте азаматтық қоғам институттарының мемлекетті басқару ісіне белсенді араласуы мен қоғамдық келісімді нығайтудағы орны ерекше аталды.
Іс-шараға елдің әр өңірінен келген үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), саяси партиялар, кәсіподақтар, қоғамдық кеңестер мен бастамашыл топтардың өкілдерінен құралған 100-ден астам қатысушы жиналды.
- Бүгінгі форумға жастардың көшбасшысы ретінде қатысып отырмын. Жыл көлемінде олардың қандай іс-шаралар ұйымдастырылғаны, қоғамға қосқан үлесі туралы баяндаймын. Мемлекет басшысы атап өткен 3 мәселе, яғни, вандализм, лудомания, нашақорлық жайлы шараларға жастардык атсалысқаны, пікірталастар өткізгені жайында айтамын, - дейді белсенді Жігер Сәрсенбаев. 
Құрметті қонақтар қатарында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай, ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Гүлбара Сұлтанова, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті, Ұлттық құрылтай мүшесі Бану Нұрғазиева бар.
Форум барысында өңірде қоғамдық кеңестер мен ҮЕҰ қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бастамалар мен жетістіктерге ерекше назар аударылды.
Жиын соңында әлеуметтік маңызы бар жобаларды дамытуға, ашықтық, әділеттілік пен серіктестік құндылықтарын ілгерілетуге үлес қосқан азаматтық сектордың белсенді өкілдеріне алғыс хаттар табысталады.

Әдемі АМАНГЕЛДІ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив