Анықталғандай, елде автокөліктерге техникалық қызмет көрсету бір жылда 18,3%-ға, өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда екі есе қымбаттады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жыл сайынғы бағаның артуы Қазақстанның барлық аймағында байқалды.
Бағаның ең жоғары өсуі Батыс Қазақстан (45,5%), Павлодар (34,1%), Солтүстік Қазақстан (31,9%), Ақмола (29,1%) және Жамбыл (27,8%) облыстарында байқалады. Шығыс Қазақстанда бұл көрсеткіш 11,5 пайызды құрады.
Ал ең аз өсім Атырау облысында тіркелді - 1,6%. Одан кейінгі орындарда Ұлытау (5,1%) және Маңғыстау (5,6%) облыстары тұр.
Пікірлер