Синоптиктердің айтуынша, осы айда күн суытып, жауын-шашын мөлшері артуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Айдың бірінші онкүндігінде температураның төмендеуі күтіледі. Таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады.
Солтүстік, орталық және шығыс аумақтарда үсік жүруі ықтимал. Түнде және таңертең тұман түседі.
— Бірінші онкүндіктің ортасында күн жылынады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы +12...+20 °С-қа дейін көтеріледі. Екінші және үшінші онкүндікте тұрақсыз ауа райы сақталады, — делінген «Қазгидромет» РМК мәліметінде.
Айдың ортасында және соңында ауа температурасы +26 ... +28 °C-қа дейін көтеріледі. Дегенмен -2 °C-қа дейін үсік жүруі ықтимал.
Пікірлер