A+ A A-

talgatzhan 36 3-09-2025, 17:10 0

ШҚО-да биыл 86 экологиялық заңбұзушылық анықталды

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Әсет Сүлейменов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ірі айыппұлдар өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындарға салынды. Оның ішінде
«СиньСин» ЖШС – 1,066 млрд теңге, «Казцинк» ЖШС – 1,7 млрд теңгеден астам және қосымша 60,9 млн теңге, «ТМК» АҚ – 24 млн теңге, «Өскемен ЖЭО» ЖШС –  26,9 млн теңге.
– Барлық анықталған заңбұзушылық бойынша нұсқама берілді. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1,73 млрд теңгені құрады, – деді Әсет Сүлейменов.
Департаменттің мәліметінше, кәсіпорындар табиғатты қорғау шараларына инвестиция салуды жалғастыруда. Кей жағдайларда экологияға бөлінетін қаражат жоспардан да асып түсуде.
Облыс орталығында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар 63 күн бойы тіркелген. Осыған байланысты қазан айына дейін өңірге жылжымалы экологиялық зертхана жеткізіледі. Бұдан бөлек, әкімдік 15 бақылау бекеті мен бір фондық станция сатып алуды жоспарлап отыр.
- Бізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында да жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында облыста 33 мыңнан астам тұрғын сенбіліктерге қатысып, 1020 тоннадан астам қоқыс жиналды. Сонымен қатар 46,7 мыңға жуық ағаш отырғызылды, бұл жылдық жоспардың 40%-ын құрады, - деді ШҚО Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив