A+ A A-

talgatzhan 37 Кеше, 15:10 0

Зайсан ауданында 102 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері өмірден өтті

Бүгін / ШҚО

Аудан әкімдігінің ақпаратынша, ол Зайсандағы соңғы майдангер еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

veteran-vko.kz сайтының дерегіне сүйенсек, Зәкен Құрманқожанов 1923 жылы Зайсан ауданында дүниеге келген. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, Мәскеу түбіндегі майданға аттанды. Кейін танк батальонына атқыш ретінде ауыстырылды. Ол Смоленск, Киев, Витебск, Вильнюс, Рига қалаларын азат етуге қатысып, Берлинге дейін жеткен.
Ардагер ІІ дәрежелі «Даңқ», І дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Беларусьті азат еткені үшін» медальдарымен және «Үздік танкист» белгісімен марапатталған.
- Зәкен Құрманқожановтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасына және туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», – делінген Зайсан ауданы әкімдігінің ресми хабарламасында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив