ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, көз жұмғандардың ішінде 2 бала бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қайғылы жағдайлар жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған жерлерде тіркелген. Сондай-ақ су айдындарын патрульдеу кезінде 13 адам құтқарылып, 1600-ден астам рейд пен патруль жүргізілді.
Уақтылы алдын-алудың арқасында су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын бұзушылар, балаларды жалғыз қалдырған ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аймақта шомылу үшін 25 аумақ анықталды. Алайда оның тек 8-і жабдықталған. Облыстық мәслихат сессиясының шешімімен шомылуға арналған 74 орынға және шағын көлемді кемелерде жүзу үшін 29 орынға тыйым салынды.
Биыл департаментке акваториялардың түбін тексеру бойынша сүңгуірлік жұмыстарды жүргізуге 21 өтінім келіп түсті.
Осы ретте ШҚО ТЖД мамандары су айдындарында демалу, балық аулау жалғасып жатқанына еске салады. Сондықтан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек.
Пікірлер