A+ A A-

talgatzhan 31 4-09-2025, 17:45 0

ШҚО әкімі Ховд аймағымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін / ШҚО

Бүгін Астанада ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгалантпен кездесті. Екіжақты кездесуге облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов та қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми сапар аясында Шығыс Қазақстан облысы мен Моңғолияның Ховд аймағы арасында бауырластық қатынастар орнату жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Аталған құжат әлеуметтік-экономикалық, мәдени, гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Сондай-ақ өңіраралық өзара іс-қимылды кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

- Меморандумға қол қою өңірлер арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, қазақ-моңғол қатынастарын нығайтуға ықпал етеді, – деді аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

Ұлы Мемлекеттік Хуралдың Төрағасының айтуынша, Қазақстан Моңғолия үшін Орталық Азиядағы бірінші стратегиялық әріптес саналады. Экономикалық-саяси, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы өзара әрекеттестікті дамыту басты басымдық ретінде қала береді.

Жалпы екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Әсіресе өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға жасаған мемлекеттік сапары жемісті болды. Сапар барысында әртүрлі салада 11 құжатқа қол қойылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив