Жабайы өсетін қарасора ошақтарын анықтау және жою мақсатында өткізілген «Қарасора-2025» жедел алдын алу шарасы барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ұлан және Зайсан аудандарында рейд жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аумақтарды тексеру барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары мен дрондар қолданылды.
Нәтижесінде 20 гектардан астам жерден 8 мыңнан асатын жабайы қарасора бұтасы жойылды.
Пікірлер