A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 11:15 0

ШҚО-да “Борышкер” жедел алдын алу шарасы басталды

Бүгін / ШҚО

Өңірде 8-10 қыркүйек аралығында “Борышкер” жедел алдын алу шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс жолдарында полиция қызметкерлерінің, прокуратура өкілдерінің, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы қызметкерлерінің қатысуымен рейдтер ұйымдастырылады. Негізгі мақсат – айыппұл төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды анықтау.

ҚР ӘҚБтК-нің 810-бабына сәйкес азамат хаттама толтырылған күннен бастап 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының тек 50 пайызын қысқартылған тәртіпте төлеуге құқылы. Егер бұл құқық пайдаланылмаса, айыппұл толық көлемде, бірақ 30 тәуліктен кешіктірмей ерікті түрде төленуі тиіс.

Аталған мерзім өткеннен кейін материалдар өндіріп алу үшін мәжбүрлеп орындату мақсатында атқарушы органдарға жолданады.

ШҚО Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды тәртіп сақтауға және заң бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив