A+ A A-

talgatzhan 32 8-09-2025, 17:30 0

ШҚО-да полицейге шабуылдаған ер адам жауапкершілікке тартылды

Бүгін / ШҚО

Полиция қызметкеріне шабуыл жасаған азамат екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға құжатты жоспарлы тексеру кезінде болған. 

- Тәртіп сақшылары екі ер адам отырған көлікті тоқтатты. Олардың бірі есірткіге мас күйінде құжаттарын көрсетуден бас тартып, өзін агрессивті ұстады. Ер адам полиция қызметкерінің бірін жарақаттап, тас лақтыра бастаған, - делінген ресми ақпаратта. 

Сот шешімімен ер адам екі бап бойынша, оның ішінде билік өкіліне күш көрсету әрекеті бойынша кінәлі деп танылды. Алайда сот істің мән-жайын ескеріп, бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ жаза тағайындады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив