Бұл туралы "Қазгидромет" РМК облыстық филиалының мамандары мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, 9 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр, бұршақ пен дауыл күтіледі.
Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с жететін жел соғады.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ал Өскеменде найзағай күтіледі.
Төтенше жағдайда "112" нөміріне хабарласыңыздар.
Пікірлер