«AMANAT» партиясы жанындағы Жастар Рухы жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел алдына қойған міндет-мақсаттарының артықшылықтарын атады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қорлан Тугамбаеваның сөзінше, Президент елдің экономикалық және әлеуметтік саясатының ең маңызды мақсаттары мен міндеттерін айқындайтынын, жыл сайынғы халыққа жолдауын жариялады.
– Жолдауда Президентіміз “Заң және тәртіп” – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры екенін атады. Қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы орган арасында ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным болуға тиіс. Бұл – ең алдымен, ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным екенін алға тартты. Шыныменде, бүгінгі күні есірткі қылмысы, есірткі бизнесі өршіп тұрған мәселе. Президентіміз әр Жолдауында осы мәселеге тоқталып, құзырлы органдарға тапсырма береді, – деді ол.
Оның сөзінше, облыста Президент тапсырмасы бойынша есірткінің заңсыз айналымымен күреске бағытталған «Қарасора – 2025» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.
– Операцияның басты мақсаты – есірткіні заңсыз тасымалдауды тоқтату, құрамында есірткі бар өсімдіктерді жою, есірткі таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесу, – деді Қорлан Тугамбаева.
Пікірлер