Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс Катонқарағай аудандық сотында қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Катонқарағай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тексеру жүргізіп, мемлекеттік кірістер органдарына тіркеусіз, рұқсатсыз және хабарламасыз туристерге баспананы жалға берген ауыл тұрғынын анықтады.
Сот құқық бұзушыға 41 286 теңге айыппұл салды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер