Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен Цифрландыру басқармасы келушілерді қашықтан тіркеу жүйесін әзірледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазіргі таңда 35 туристік топ, яғни 170-тен астам адам тіркеліп, оқыс оқиғасыз саяхаттап қайтқан.
Тіркелу үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, маршрут, күн мен байланыс деректерін көрсетіп, онлайн-форманы толтырады. Бұл ақпарат бірден ШҚО ТЖД Жедел орталығына түседі. Қажет болған жағдайда құтқарушылар жедел әрекет етіп, көмек көрсете алады.
Маршрут аяқталған соң турист өзін өзі есептен шығара алады немесе құтқарушылардың қоңырауын күтеді.
Жүйе қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде жұмыс істейді.Тіркеуден өтпеген туристер төтенше жағдайға тап болғанда іздестіру-құтқару жұмыстарын қиындатып, құтқаруға кететін уақытты ұзартады.
Биыл облыс құтқарушылары таулы-орманды аймақтарда адасып кеткен адамдарды іздеуге 16 рет шыққан.
Пікірлер