A+ A A-

talgatzhan 30 10-09-2025, 16:20 0

Өскемен – Рахман қайнарлары тасжолында болған жол апатына қатысты сот үкімі шықты

Бүгін / ШҚО

Өскеменнен Рахман қайнарлары бағытындағы тасжолда болған жол-көлік оқиғасы бойынша сот шешімі жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, үргізуші жол бойында жайылып жүрген сиырды қағып кеткен. Соққының салдарынан автокөлік қатты зақымданып, оны жөндеуге 715 мың теңгеден астам қаражат кетті. 

ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметінше, сот отырысында жауапкер – мал иесі, керісінше өзінің де шығынға ұшырағанын алға тартып, қарсы талап арыз түсірген.

Алайда сот жануар иесінің малды күтіп-бағу ережелерін сақтамағанын анықтады. 

Сот шешімімен көлік иесінің талап арызы толық қанағаттандырылып, жауапкерден 715 515 теңге өндірілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив