ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында өңір полицейлері пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактісін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, облыстың бір ауданында 19 шетел азаматы пен Өскемен қаласының 2 тұрғыны ұсталды.
- Қымбат металлдарды өндіруге арналған экскаваторлар, бульдозер, ұсатқыш қондырғылар және басқа да жабдықтар, құрамында алтын мен басқа да бағалы компоненттердің белгілері бар металл бұйымдары тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқыққа қарсы әрекетке қатысы бар болуы мүмкін 20-дан астам адам тексерілуде. Дәлелдер жиналып, қажетті сараптамалар тағайындалды, істің барлық мән-жайын анықтау шаралары қабылдануда, - делінген ресми мәліметте.
Пікірлер