A+ A A-

talgatzhan 31 11-09-2025, 09:45 0

ШҚО-да цифрлық дамудың жеті негізгі басымдығы айқындалды

Бүгін / ШҚО

Облыс әкімі, басқарма басшылары, мәслихат депутаттары, саяси партия филиалдарының өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері және азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен өткен жиында цифрлық даму бойынша алдағы қадамдар талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Онлайн режимде қала және аудан әкімдері де қатысты. 

- Президенттің Жолдауы Қазақстанды тұрақты, бәсекеге қабілетті, әділетті және жоғары технологиялық мемлекет ретінде қалыптастыруға бағытталған. Біздің алдымызда жеті негізгі міндет тұр. Оларды іске асыру еліміздің де, өңіріміздің де әл-ауқатына тікелей әсер етеді, – деді аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов. 

Негізгі міндеттер: ірі инвестицияларды тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және ішкі әрі халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде қайта өңделген өнім өндіру, аграрлық секторды жаңа деңгейге шығару (агрохабтар мен логистикалық орталықтарды дамыту, шетелдік инвесторлармен серіктестікті одан әрі нығайту), көлік-логистика кешенін дамыту (өңірлік көлік қатынасын ұйымдастыру, автожолдар мен туристік инфрақұрылымды дамыту – бұл жергілікті атқарушы органдардың тұрақты басымдығы болып қала береді), ТҮКШ және су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту, кәсіпкерлік бастаманы жандандыру (кәсіпкерлер еліміздің цифрлық дамуының қозғаушы күші болуы тиіс, ол үшін құқықтық базаны жаңғырту маңызды), адами капиталды дамыту (ерекше рөл білімге беріледі, бұл «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында іске асады. Бүкіл әлемде жасанды интеллектпен жұмыс істей алатын мамандарға сұраныс артып келеді).

Облыстың негізгі дамуы жолындағы шаралар Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттер мен Премьер-министрдің отырыстағы тапсырмалары аясында айқындалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив