A+ A A-

talgatzhan 40 11-09-2025, 12:00 0

ШҚО-да мал ұрлағандар ұсталды

Бүгін / ШҚО / Қылмыс

«Бекет» жедел алдын алу шарасы аясында полицейлер қажетті құжаттарсыз үш ұсақ малдың еті тиелген автокөлікті тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жедел тергеу іс-шаралары барысында екі күдікті ұсталды. Олардың бұған дейін жасалған бір ірі қара мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Нәтижесінде 600 000 теңгеден астам шығын келтірілген.

Ұрланған малды күдіктілер облыс орталығына жеткізіп, ет базарында сатуды жоспарлаған. Тәркіленген үш ұсақ малдың еті заңды иелеріне қайтарылды.

Ұсталғандарға қатысты «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив