A+ A A-

talgatzhan 30 11-09-2025, 13:20 0

ШҚО-дағы университеттерде экономикалық тергеулер кабинеті ашылды

Бүгін / ШҚО

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Экономикалық тергеулер қызметінің оқу кабинеті ашылды. Ол «Құқықтану» кафедрасы базасында құрылып, студенттерді экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласында тәжірибелік тұрғыдан даярлауға арналған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Студенттер сотқа дейінгі тергеу әдістемесін, заңсыз табыстарды анықтау тәсілдерін, қаржылық-экономикалық саладағы қылмыстарды тергеудің ерекшеліктерін үйренеді. Сабақтарды университет оқытушылары мен құқық қорғау органдарынан шақырылған мамандар жүргізеді. Курсты аяқтағандарға сертификаттар табысталады.

Жоба Қаржылық мониторинг агенттігінің ШҚО бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің басшысы Арман Жүнісовтың қолдауымен жүзеге асты.

Кабинеттің ашылуы құқықтық білім берудің тәжірибелік құрамдасын күшейтуге және қаржы-құқықтық қауіпсіздік саласының заманауи талаптарына сай мамандар даярлауға бағытталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив