A+ A A-

talgatzhan 31 11-09-2025, 14:20 0

ШҚО әкімі жемшөп дайындау бойынша бірқатар тапсырма берді

Бүгін / ШҚО

Әр аудан бойынша нақты мерзімдер белгіленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың сөзінше, жемшөп қоры мал шаруашылығындағы тұрақтылыққа тікелей әсер етеді.

- Біздің міндетіміз – белгіленген мерзімдерде шөп, сабан және құрама жем дайындауды толық аяқтау. Бұл – ауыл шаруашылығы өндірушілерінің әл-ауқатының негізі және қыстан тұрақты шығудың кепілі, - деді ол. 

Осылайша, 20 қыркүйекке дейін Тарбағатай, Күршім және Марқакөл аудандарының әкімдіктері шөп дайындауды аяқтауы тиіс. Ал 1 қарашаға дейін Глубокое, Шемонаиха, Ұлан, Алтай аудандарының әкімдіктері сүрлем, сабан және құрама жем дайындауды аяқтауы қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив