A+ A A-

talgatzhan 0 11-09-2025, 16:30 0

ШҚО-да жыл басталғалы 14 адам үйде болған өрттен көз жұмды

Бүгін / ШҚО

Ресми ақпаратпен облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс аумағында тұрғын үй секторында жылыту кезеңіне дайындық басталды. Ресми ақпаратқа сәйкес, тамыз айынан бастап жеке тұрғын үй секторында тұратын әлеуметтік осал топтар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Аумақтық бөлімше өкілдері бұрын орнатылған датчиктердің жай-күйін тексеріп, олардың басым бөлігі жұмыс істеп тұрғанын анықтады. Азаматтарға батареяларды уақтылы ауыстыру қажеттігі ескертілді.
– Өрт пен көміртегі тотығымен улану салдарынан болатын қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жеке сектор тұрғындары пештерін қыс мезгіліне алдын ала дайындап, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін тұрақты түрде сақтауы қажет, – деді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.
Айта кетейік, атқарылған шаралардың нәтижесінде тұрғын үй секторындағы өрттер салдарынан адам өлімі 17%-ға төмендеп, 14 адамды құрады (2024 жылы – 17 адам).

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив