Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов пен «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығы жаңа жылу электр орталығының құрылысын талқылау үшін кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл холдинг негізгі мердігерлермен келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр. Ал көктемде құрылыс қалашығы, қоймалар мен кірме жолдар салынбақ. Жаңа нысан жобасында қуатты арттыру мүмкіндігі қарастырылып, шығарындыларды экологиялық талаптарға сай азайтуға мүмкіндік беретін бірегей тазарту жүйелерін орнату көзделген.
Сондай-ақ энергиямен қамтамасыз ету, жылу қуаты және ЖЭО түсетін қосымша жүктемеден туындауы мүмкін тәуекелдер мәселесі талқыланды.
Тараптар ынтымақтастықтың алдағы қадамдары туралы келісті.
Пікірлер