Бұған дейін Катонқарағай ұлттық паркіндегі Ақ Берел өзені арқылы 1938 жылы салынған туристік аймаққа апаратын көпір қалың қарға шыдамай құлаған еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кейін оны туроператорлар, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері және жергілікті тұрғындар өз күштерімен қалпына келтірді.
— Жаз басталғанда “AltaiPro” компаниясының директоры Вячеслав Орлов басқа да туроператорлармен, парк ұжымымен бірге ескі көпірдің тірек арқалығын өз күшімени жөндеген еді. Туристердің көлге жетуіне жағдай жасалды, - дейді «Drivejeepkz» джип-турлар мен экспедициялар ұйымдастыру компаниясы директорының орынбасары Айдар Елубаев.
Ақыры Берел өзеніне техника келіп, Язевое көліне апаратын жаңа көпірдің құрылысы басталды.
— Язевое көліне апаратын Ақ Берел өзені арқылы өтетін көпірді қалпына келтіру басталды. Ақ Берел — тасқынды, ағысы қатты өзен. Көктем мен жазда құрылыс жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Сол себепті жұмыстар күз бен қыс мезгілдеріне жоспарланған, - деді ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Тұраров.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, жобалық-сметалық құжаттама бойынша көпірдің құны 592 миллион теңгені құрайды.
Пікірлер