A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 16:00 0

ШҚО-да алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Бүгін / Басты / ШҚО

«Қазгидромет» РМҚ 13-15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты найзағаймен бірге жаңбыр жауады.

— 13-14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында, 14 қыркүйекте Жетісу облысының таулы аудандарында, 15 қыркүйекте Маңғыстау облысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, республиканың оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі, — делінген хабарламада.

Температуралық жағдайда ауа температурасының төмендеуі күтіледі: елдің шығысында түнде 0-9° жылы, күндіз 10-22° жылы, елдің оңтүстігінде түнде 10-16° жылы, күндіз 17-28° жылы, орталықта түнде 1-9° жылы, күндіз 12-20° жылы. Солтүстікте, солтүстік-батыста күндізгі ауа температурасының 12-19° жылыға дейін көтерілуі күтіледі. Батыста, оңтүстік-шығыста температуралық жағдайда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив