Бүгін Өскемендегі қан орталығында өтеусіз қан донорлығы мен аймақтағы гемопоэздік дің жасушалары донорлығын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірде тұрғындардың денсаулығын қорғау және өмірді сақтап қалуға бағытталған донорлық мәдениетті дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Медициналық бөлім жөніндегі директордың орынбасары Татьяна Войнова мен донорларды жинақтау бөлімінің меңгерушісі Сандуғаш Кулиманова осы жөнінде баяндамалар жасады.
Кездесу барысында облыс аумағындағы өтеусіз қан донорлығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, қатерлі ауруларды емдеудегі гемопоэздік дің жасушаларының рөлі және сын-қатерлер мен оларды еңсеру жолдары талқыланды.
- Аталған орталық атынан барлық қатысушыға белсенді қатысып, өтеусіз донорлықты ілгерілетуге қосқан үлесі үшін шынайы алғыс білдіремін. Алдағы уақытта да мұндай игі шаралар жалғасын табады деді,- деді қан орталығының директоры Светлана Шмурыгина.
Айта кетейік, дөңгелек үстелге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Жақсылық жаса» қоғамдық ұйымы, ШҚО Қызыл Жарты Ай қоғамының филиалы, еріктілер және донорлық қозғалыстың белсенділері қатысты.
Пікірлер