Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі сот жүйесіндегі өзгерістер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, Риддер қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты мен Ұлан аудандық соты таратылды.
Олардың құзыретіне кіретін істерді енді басқа соттар қарайтын болады.
Мысалы, бұрын Риддер қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты қараған істерді енді Риддер қалалық соты қарайды.
Сонымен қатар облыста бірнеше соттың атауы өзгерді. Мәселен, Өскемен қалалық соты енді Өскемен қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты деп аталады.
Пікірлер