ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» тікұшағы Зайсан – Өскемен бағыты бойынша санитарлық рейс жасады. Арнайы операция сәбиге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Рейсті тәжірибелі ұшқыштар Сергей Пинигин мен Бауыржан Бұтенбаев басқарды. Олармен бірге санитарлық авиация дәрігерлері Рафаиль Халитов пен Бек Асаубаев жұмыс істеді.
Ұшу сәтті өтіп, нәресте Өскемендегі медициналық мекемеге уақтылы жеткізілді.
Мамандардың айтуынша, мұндай шұғыл авиациялық тасымалдаулар қысқа мерзім ішінде адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді және төтенше жағдайлар жүйесіндегі маңызды буын болып қала береді.
Пікірлер