Өңірде 15-30 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу шарасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында жолда жауапкершілік пен тәртіпті ұстау мәдениетін қалыптастыру.
– Шара аясында патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет етеді. Республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының апатқа ұшырауы мүмкін учаскелерінде қосымша посттар орнатылып, елді мекендердегі көлік қозғалысы көп көшелерде бригадалар саны ұлғайтылады, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ресми ақпаратында.
Пікірлер