A+ A A-

talgatzhan 36 Кеше, 13:30 0

ШҚО әкімі мұнай-газ саласының қызметкерлерін марапаттады

Бүгін / Басты / ШҚО

Бүгін облыс әкімдігінге мұнай-газ кешені қызметкерлерін кәсіби мерекемен салтанатты құттықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов сала өкілдерінің еңбегін ерекше атап өтті. Олардың жұмысы энергетиканы дамытып, экономиканы нығайтып, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.

- Мұнай-газ саласы мамандарының күнделікті еңбегі үлкен жанкештілікті, тәртіп пен шеберлікті талап етеді. Сіздердің сенімділіктеріңіз бен мамандыққа адалдықтарыңыз – өңір мен елдің тұрақтылығы мен әл-ауқатының берік негізі,– деді облыс әкімі. 

«QAZAQGAZ AIMAQ» Шығыс Қазақстан өндірістік филиалының ұжымына да ерекше алғыс айтылды. Олар Зайсан ауданындағы он елді мекенді тұрақты түрде газбен қамтамасыз етіп келеді.

Іс-шара аясында саланың үздік өкілдеріне марапаттар табысталды. Мәселен, жерасты газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарі  Аслан Қуанбекұлы, электрогазбен дәнекерлеуші Серікбек Қызыр, апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі Дулат Садуақасов облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Газбен жабдықтау және сату қызметінің маманы Елдос Файзулинге KAZENERGY қауымдастығының Құрмет грамотасы табысталды. Электрогазбен дәнекерлеуші Ерасыл Бақытханұлына «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Құрмет грамотасы, кәсіпорын жүргізушісі Еркін Имановқа «QazaqGaz Onimderi» ЖШС Бас директорының Құрмет грамотасы берілді. 

Салтанатты шара соңында облыс әкімі қызметкерлерге мықты денсаулық, отбасыларына амандық және ел игілігі жолында жаңа кәсіби жетістіктер тіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив