A+ A A-

talgatzhan 30 15-09-2025, 16:00 0

ШҚО-да күн жылынады

Бүгін / ШҚО

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, алдағы күндері республика бойынша оңтүстік циклон ықпал етеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бірқатар өңірде желдің күшейіп, аптаның ортасына қарай кей жерлерде өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі деп күтілуде.
Шығыс Қазақстандада түнде ауа температурасы +1 градустан +6 градусқа дейін, күндіз +18 градустан +22 градусқа дейін көтеріледі. Күн ашық әрі жауын-шашынсыз болады.
Өскеменде аптаның басында күн жылынады. Ал 17 қыркүйектен бастап өткінші жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз +21 градусқа дейін, түнде +9 градусқа дейін жылы болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив