A+ A A-

talgatzhan 34 Кеше, 16:30 0

ШҚО-да 3 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді

Бүгін / ШҚО

Қазір аймақта “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілішісі.

1 қыркүйекте басталған шара қарашаның 1-не дейін жалғасады.
- Іс-шара барысында полиция қызметкерлері әкімшілік аумақтарды аралап, тұрғындарға «Заң және тәртіп» қағидатын түсіндірдуде. Тұрғылықты жері бойынша есепте тұрғандарды, қару иелері мен көші-қон заңнамасының сақталуын тексереді, - деді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналдық полициясының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әйгерім Бейсембаева.
 Айта кетейік, Полиция департаменті өкілдері тұрғындарды учаскелік инспекторлардың әкімшілік аумақтарды аралауына түсіністікпен қарауға шақырады. Қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға қатысты ұсыныстар болса, өз учаскелік инспекторыңызға немесе «102» арнасы арқылы хабарласуға болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив