
ШҚО-да санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына құрмет көрсетілді
Биыл 15 қыркүйекте санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары алғаш рет кәсіби мерекелерін атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгінде Қазақстанда 12 мыңнан астам маман ауызсу, тамақ өнімдерінің сапасы мен қоршаған ортаның жағдайын бақылап, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алуда. Ал аймақтағы 13 ауданда 163 адам халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы үшін еңбек етуде.
Кәсіби мерекеге орай бүгін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов СЭС қызметкерлерін құттықтап, оларға арнайы марапаттарды табыс етті.
–Сіздердің жұмыстарыңыз асқан жауапкершілікті, табандылық пен кәсіби шеберлікті талап етеді. Бұл –қоғам қауіпсіздігі мен халық денсаулығының кепілі. Сіздер жұқпалы індеттердің алдын алып, қауіпті ошақтарды бақылауда ұстап отырсыздар. Азаматтардың амандығы үшін күндіз-түні еңбек етіп келесіздер. Сіздердің арқаларыңызда өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты сақталып, халықтың өмір сүру сапасы артуда. Әсіресе бүкіләлемдік пандемия кезінде қауіп-қатерге қарамастан, нағыз кәсібилік пен батылдықтың үлгісін көрсеттіңіздер, – деді Нұрымбет Аманұлы.
Салтанатты шара барысында бірқатар сала маманы марапатталды. Атап айтқанда, ҚР Премьер Министрінің Алғыс хаты Өскемен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Замира Бакенова мен Ұлан аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитариялық-гигиеналық бақылау, техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің жетекші маманы Мағира Жүнісбековаға табыс етілді.
Ал облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасарлары Сәуле Слямғазина, Евгений Пивоваров пен Ардагер Чидербаев, Тамақтану объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Гүлнар Қалибасова, Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы Мария Тердыкбаева, Өскемен қалалық басқармасы басшысының орынбасары Арман Сағындыков, Ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің бас маманы Шынар Кашкимбаева, Персоналды басқару қызметінің басшысы Альфия Қасымқанова, Тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы Назерке Шақантаева, Өскемен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерді бақылау бөлімінің басшысы Виталий Руденко, Өскемен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ауруханаішілік инфекцияларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Анар Смамагзумова, Глубокое аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жоспарлау және қызметті талдау бөлімінің басшысы Назгүл Батталова, Өскемен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Замира Бакенова марапатталды.
ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы Назерке Шақантаеваның айтуынша, мұндай марапат алу көпжылғы еңбегінің еленгенін білдіреді.
– Осы салада жұмыс істегеніме биыл 8 жыл толды. Еңбек жолымды дәрігер-эпидемиолог болып бастадым. Біздің жұмысымыз халық денсаулығын сақтауда маңызды рөл ойнайды деп есептеймін. Ал осы жылы алғаш рет кәсіби мерекемізді тойлап жатырмыз. Бұл да біз үшін үлкен қуаныш әрі зор мәртебе, – деді ол.
Шара соңында жиналғандар естелік суретке түсіп, көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдірді.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Фотосурет автордікі
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы
Руханият

Пікірлер